Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүркіт пен Аиша ұлын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Қазақстандық шоу-бизнестегі жұрт қызығар жұлдызды жұптардың бірі Бүркіт пен Аиша ұлының туған күнін атап өтті. Ерлі-зайыптылар екінші перзенті Омардың төрт жасқа толуына орай, оған ерекше тосын сый дайындаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Getty Images

Жұлдызды ата-ана баласын туған күнімен ерекше құттықтап, мерекелік кешке нағыз роботтарды шақырған.

Бүркіт пен Аиша алдымен Омарға арнайы тапсырыспен жасалған торт тарту етіп, одан дәс татқызған.

Одан кейін туған күн кешіне жиылған балалардың барлығы мультфильм кейіпкерлерімен ойнап, уақытын қызықты өткізген.

Омардың төрт жасқа толуына орай ұйымдастырылған көңілді отырыста түсірілген фото мен видеолар Instagram желісінде тарап кетті. Бейнематериалдармен Бүркіт пен Аиша бөлісті.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұядағы қуанышқа ортақтасып, туған күн иесіне ақ тілегін жаудырып, пікір жазды.

"Құтты болсын, батырларыңыз үлкен азамат болсын" , "Дені сау болсын балапанның", "Бақытты бол, Омар" , "Керемет туған күн болыпты" , "Омарға тамаша тосын сый жасалыныпты" , "Жарайсыздар, балаларыңызға осындай үлкен туған күн жасап беріпсіздер" , "Қызығына тоймай жүре беріңіздер", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, жақында әнші Бүркітке Тараз қаласынан аты тасқа қашалып жазылған ескерткіш салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835376-brkit-pen-aisa-lyn-tugan-knimen-erekse-kttyktady-video/

pixel