RU
Бес жасар бала абайсызда өз әкесін атып тастады

Бес жасар бала абайсызда өз әкесін атып тастады

Рассказать Вконтакте

Ресейде Саратов облысы Ивантеевка ауылында бес жасар бала өз әкесін мылтықпен атып өлтіріп қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Риа Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

"Алдын ала ақпарат бойынша, 3 қаңтар күні әкесі сейфтен қаруын шығарып, еденге қойып, бес жасар баласына көрсетіп жатқан. Осы сәтте бүлдіршін ішінде оғы бар мылтықтың шүріппесін байқамай басып қалған. Ол ештеңе түсінбеген. Ал азамат оқиға орнында жан тапсырды, жедел көмек бригадасы тек өлім тіркеді",- деді агенттікке сұхбат берген азамат.

Сондай-ақ, ол жанұяның тұрмысы жақсы екенін, марқұм Сергей Стекольников "Ивантеев тас карьері" жетекшісі болғанын айтып өтті.

Риа Новости дерегінше, РФ Тергеу комитеті облыстық басқармасы жетекшісінің аға көмекшісі Надежда Волошина Стеколььников өлімі фактісі бойынша тергеу алды тексеру жұмыстарын жүргізеді. Соның нәтижсінде процессуалдық шешім қабылданады.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде белгісіз ер адам мен базар сатушысы арасындағы жанжал бейнеленген видео жарияланды. Видео кадрынан текетірестің соңы саудагердің пышаққа түсуімен аяқталғанын көруге болады. Қалалық полиция департаменті суық қару пайдаланған ер адамның психиатриялық диспансерде есепте тұрғанын мәлімдеді

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel