RU
Әуежай маңындағы жерлердің заңсыз берілу фактісі бойынша тергеу басталды

Әуежай маңындағы жерлердің заңсыз берілу фактісі бойынша тергеу басталды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Bek Air ұшағының апатқа ұшырауына байланысты құрылған үкіметтік комиссия жұмыстың алғашқы қорытындыларын жариялады. Оның барысында Алматы әуежайы маңындағы жер телімдерінің заңсыз берілуіне қатысты тергеу басталғаны мәлім болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр аталған факт бойынша тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жүргізіп жатқанын атап өтті. Тергеу соңғы 4 жылды қарастырады – олардың нұсқасы бойынша, осы уақыт аралығында әкімдік қызметкерлері әуежай маңындағы жерлерді заңсыз үлестірген.

Мәселе Талғар ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғаларына қатысты көтеріліп отыр. Жерлер шаруашылық жүргізуге де, тұрғын үй салуға да беріліп келген.

Белгілі болғандай, әуежайдың санитарлық аймағында құрылыс нысандарын тұрғызуға тыйым салынған – ұшу-қону жолағынан 4 шақырым қашықтықта құрылыс салу "қауіпсіздікке нұқсан келтіреді" және мүмкін болған жағдайда тек әуежай комиссиясының қорытындысымен ғана жасалады.

Қазіргі уақытта тергеу заңсыз қызмет көрсетілуіне нақты қандай лауазымды тұлғалардың қатысы барын және олардың жауапкершілік деңгейін анықтауда.

Айта кетейік, 27 жетоқсанда Алматы маңындағы әуе апатының мән-жайын анықтау үшін құрылған үкіметтік комиссия BekAir ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel