RU
"Азиядағы Техас": "Кухня" жұлдызы Шымкент жайлы әсерімен бөлісті (видео)

"Азиядағы Техас": "Кухня" жұлдызы Шымкент жайлы әсерімен бөлісті (видео)

Рассказать Вконтакте

Көпшілікке "Кухня" сериалындағы Настя рөлі арқылы танылған актриса әрі тележүргізуші Ольга Кузьмина Шымкентке келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

11 қаңтар күні "Россия-1" телеарнасында "По секрету всему свету" шоуының кезекті эпизоды жарыққа шықты. Қазақстанның үшінші мегаполисі атанған қалаға ат басын бұрған түсірілім тобы түрлі қызықтарымен бөлісті.

Бағдарлама басында Ольга телекөрермендерге көпшілік Шымкентті "Азиялық Техас" деп атайтынын жеткізді. Актриса оған не себеп екенін де түсіндіріп өтті.

Тележүргізуші Шымкент тарихын айта келе, қаланың қалай жылдам дамып, өркендеп жатқанына да тоқталды.

Жаңа шығарылымда Кузьмина киізден бас киім дайындауға қатысқан. Оған жергілікті шеберлер Мадина мен Күләш қолғабыс етеді. Сондай-ақ, тележүргізуші дайын аксессуарларды тағып көреді.

Одан бөлек, Ольга бүркіттерді бағатын азамат пен оның Тайсон атты құсымен танысады. Құстарды жарысқа дайындайтын ер адам аң аулайтын құс даярлаудың құпияларымен бөліседі.

Шоуға дәстүрлі керамиканы қайта тудырған көзеші де қатысты.

Бағдарлама барысында тележүргізуші жергілікті кафелердің біріне кірген. Кузьминаның сөзінше, онда өзіне нағыз бешбармақ жасауды үйреткен екен.

Аспаз Алуа Момбекова Қазақстанның әр өңіріндегі бешбармақ дайындау сырымен бөлісіпті. Ольга меймандарға қалай ет бөлу қажеттігін де үйренеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін актрисаның елімізге келіп, Түркістан мен Шымкент туризмі жайлы бағдарлама түсіріп жатқанын хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel