Выйти
RU

Филиппинде Таал жанартауы атқылады: Адамдар эвакуацияланып жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Филиппин билігі Таал жанартауы атқылағаннан кейін халқы 80 мыңнан асатын Батангас провинциясындағы үш елдімекенді эвакуациялауды бастады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Жергілікті басылымның мәліметінше, эвакуация Сан Николас, Балет және Талисай қалаларында жүзеге асырылып жатыр.

2015 жылғы санаққа сәйкес, аталған шаһарлардағы халық саны 22, 22 және 45 мың адамды құраған.

Жексенбі, 12 қаңтарда Маниладан оңтүстікке қарай 80 шақырым жерде орналасқан Тааль жанартауы оянып, бір шақырым биіктікке күл атқылады.

Филиппиннің Вулканология және сейсмология институты (Phivolcs) осыған байланысты жанартау атқылауының қауіптілік деңгейін бес балдық шкала бойынша үшінші деңгейге көтерді. Ведомство жанартаудың жанындағы аудандарды эвакуациялауды ұсынды.

Еске сала кетсек, осыған дейін сөнбеген жанартаудың шұңқырына құлап кетіп, аман қалған адам туралы жазған болатынбыз.

Оқыс оқиға Гавай ұлттық жанартау саябағында орын алған. Табиғат құбылысына асқан қызығушылық танытқан 32 жастағы ер адам әлі ояу жанартаудың ішіне құлап кеткен.

Ол жанартаудың ішін анығырақ көрмек болғанда шалынып қалған.

Құтқарушылар азаматты екі жарым сағат бойы іздестірді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Филиппинде Таал жанартауы атқылады: Адамдар эвакуацияланып жатыр