Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әділ Ахметов дене сымбатымен қыздар қауымын естен тандырды (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал актер Әділ Ахметов желіде ашық фотосессиясымен бөлісіп, қыз-келіншектерді өзіне ғашық етті. Өнер иесі бар дене сымбатын паш етіп, өз табынушыларын қатты таңғалдырған. Себебі, киножұлдыз бұған дейін мұндай образдағы фотоларын жарияламаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/adil084. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/adil084. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әділ Ахметов желіде қызу талқыға түскен фотосессиясын Instagram желісіне жүктеген. Актер онда жалаңаш денесіне сырт киім киіп алғанын көруге болады.

Өнер иесінің шымыр денесіне тәнті болған көпшілік, өз әсерін жасыра алмай оған қатысты пікірлерін қарша жаудырған. Отандық жұлдыздың дене сымбаты әсіресе, арулар қауымын қуантқан.

"Сәз не салсаңыз да жарасады" , "Ең әдемі киноактер" , "Ғашық еттіңіз, недеген сымбатты дене" , "Арыстандай жігіт" , "Нағыз шымыр қазақ жігіті" , "Қыздарды аясыңызшы, мына фотодан кейін ұйықтай алмайды ғой" , "Қыздар өлді, жедел жәрдем мен өрт сөндірушілерді шақырыңыздар" , "Отсыз ғой" , "Сөзім жоқ, мұндай денеңізді несіне көрсетпей жасырып жүрсыз" , "Тамаша, спорт, адал еңбек пен махаббаттың арқасы ғой", "Қыздар жарысып, пікір қалдырып жатыр" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Айта кетейік, бұған дейін Асылхан Төлеповтың жартылай жалаңаш денесін көрсеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1835865-dil-ahmetov-dene-symbatymen-kyzdar-kauymyn-esten-tandyrdy-foto/

pixel