Выйти
RU

Жамбыл облысында пойыз екі адамды қағып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында "Алматы-Ақтөбе" жолаушылар пойызы екі адамды басып кетті. Салдарынан темір жол қызметкері оқиға орнында көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 13 қаңтар күні Бел теміржол станциясында болған.

"Бел теміржол станциясында "Алматы-Ақтөбе" бағытындағы жолаушылар пойызы екі жұмысшыны басып кетті. Олар оқиға орнында қаза тапты", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына Шу теміржол станциясындағы полицияның жедел тергеу тобы шұғыл жеткен.

Марқұмдардың кім екені анықталды. Олар – 33 және 44 жастағы теміржол компаниясының бірінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар болып шықты.

Аталмыш факті Қылмыстық кодекстің 344 бабы 3-тармағы (темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықталуда. Тергеу жұмыстары басталған.

Айта кетейік, осы орайда тәртіп сақшылары адамдарға теміржолдан өткен кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Сонымен қатар құзырлы орган өкілдері теміржолдан жаяу және көлікпен өткен кезде арнайы орындар арқылы өту қажеттігін және теміржолдың маңайында баланы қараусыз қалдырмау керектігін қатаң ескертті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ресейдің Владивосток қаласындағы темір жол вагонының үстіне шығып, селфи жасамақ болған жасөспірім қайтыс болған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбыл облысында пойыз екі адамды қағып кетті