RU

15 жылда алғаш рет шашын өзгерткен Өмірқұл Айниязов желіде талқыға түсті (фото)

Белгілі дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов 15 жылдан бері алғаш рет шаш үлгісін өзгерткенін мәлімдеді. Өнер иесі жаңа образын көрсеткен суретін өз парақшасында жариялап, желі қолданушыларының пікірін білді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

15 жыл
Өмірқұл Айниязов. Фото: instagram: Original

Жеке өміріндегі және шығармашылығындағы жаңалықтарын тыңдарманының назарынан тыс қалдырмайтын Айниязов бұл жолы да жанкүйерлерін ұмытпады.

Әнші өзінің жаңа шаш үлгісін көрсетіп, кішігірім өзгерісі туралы оқырмандарымен ой бөлісті.

"15 жыл бойы бір шаш үлгісімен жүріппін! Бүгін кішкене өзгеше болған сияқты, қалай ойлайсыз. Ойлараңызды айта отырыңыздар!", - деп жазды ол сурет анықтамасына.

Өмірқұл Айниязовтың бұл фотосы әдеттегідей қызу талқыға түсіп, көпшіліктің назарына аударды.

Желі қолданушылары өздерінің түрлі пікірлерін әншіге қарша боратты.

Олардың басым бөлігі жаңа шаш үлгісі Айниязовқа жарасып кеткенін жарыса жазып, сүйікті әншілеріне оң бағасын берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Өмірқұл Айниязовтың 200 мың АҚШ долларына салған үш қабатты зәулім үйін көрсеткені туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1836361-15-zylda-algas-ret-sasyn-zgertken-mirkl-ajniazov-zelide-talkyga-tsti-foto.html