RU
Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып Әнуар Садықұлов тағайындалды. Ол сондай-ақ "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры қызметінен атқармақ. Президент тиісті жарлыққа қол қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әнуар Садықұлов. Фото: sgork.gov.kz

Әнуар Садықұлов. Фото: sgork.gov.kz

"Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – "А" Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалғаны хабарланған.

"Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімімен Рашид Тауфикұлы Жақыпов зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан республикасының ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Ол қызметінен зейнеттік жасқа толуына байланысты кеткен. Президент шенеунікті қызметінен босату туралы үкімге қол қойды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel