RU

Армян және қырғыз көліктерін тіркеу: ІІМ "тікелей желіні" іске қосты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер минстрлігі "тікелей желіні" іске қосты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері азаматтарға шетелдік автокөліктерді тіркеу бойынша кеңес береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Армян және қырғыз көліктерін тіркеу: ІІМ "тікелей желіні" іске қосты

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Осы жылдың 17 және 18 қаңтар күні "Жолда қабылдау" науқаны өтеді. Мамандар Қазақстан азаматтарына мобильді қабылдау пункттерінде тіркеу тәртібі мен ережелерін түсіндіретін болады.

Атап өтілгендей, әр жағдай жеке қарастырылады. Сонымен қатар, көліктерді тіркеуде көмек көрсетіледі. Ол үшін мына: 8 (7172) 71 58 21; 71 58 39; 71 58 04; 71 58 06; 71 58 62 нөмірлеріне (демалыс күндерін қоспағанда, 09:00-ден 19:00-ге дейін) хабарласа аласыз.

Бұдан бөлек, аталған сұрақ бойынша полицияның барлық фронт-кеңселерінде кеңес алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, Ішкі істер министрлігі автокөліктері шет мемлекеттерде тіркелген қазақстандықтарды еліміздің заңнамасына сәйкес көлік құралдарын тіркеуге шақырған болатын.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпте тіркелмеген көлік құралын басқарғаны үшін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын, оның мөлшері 10 АЕК-ны құрайтынын, сонымен қатар көлік айыппұл тұрағына қойылатынын хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Армян және қырғыз көліктерін тіркеу: ІІМ "тікелей желіні" іске қосты
Mailfire view pixel