Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев белгілі жазушы Роза Мұқанованы қабылдады (фото)

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Ақорда" резиденциясында жазушы-драматург Роза Мұқанова мен философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Ақан Бижановты қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Роза Мұқанова мемлекет басшысына Қазақ ұлттық өнер университетінің жас мамандарды даярлау бағытында атқарып жатқан жұмыстары жайында айтты. Әңгімелесу барысында отандық драматургия мен театр өнерін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Ақан Бижанов президентке Философия, саясаттану және дінтану институтының жұмысы туралы баяндап, Қазақстан ғылымының, идеологиясы мен мәдениетінің қазіргі ахуалы мен даму перспективалары жөніндегі ой-пікірімен бөлісті. 

Сонымен қатар кездесу кезінде әл-Фарабидің 1150 және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын өткізуге дайындық мәселелері сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанды әлеуметтік-саяси жаңғырту, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру барысында әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлының ғылыми және рухани мұраларын негізге алудың маңызды екенін атап өтті.

Еске сала кетсек, Мәскеу төрінде қазақша қойылған "Фариза" спектаклі ресейліктерді жылатқанын жазған едік.

Сахналық қойылымның продюсері - Айнұр Көпбасарова, режиссері – Фархат Молдағали, ал пьеса авторы – Роза Мұқанова.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Twitter

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836612-tokaev-belgili-zazusy-roza-mkanovany-kabyldady-foto/

pixel