Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстандық танымал дизайнердің өліміне күдікті ұсталды

Опубликовано:

Белгілі өзбекстандық дизайнер Нариман Григорянды өліміне күдікті ұсталып, қамауға алынған. Әзірге ұсталған адам жайында мәлімет таратылмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалқтар қызметіне сілтеме жасап.

Нариман Григорян. Фото: facebook.com/uzbfashionblog
Нариман Григорян. Фото: facebook.com/uzbfashionblog: Depositphotos

Еске сала кетейік, 14 қаңтарда Facebook желісіндегі Uzbfashion парақшасында Нариман Григорян жалға алған үйінен денесі табылғаны жарияланған.

Хабарламаны Өзбекстанның Бас прокуратура да растаған.

Ведомство баспасөз қызметінің "Газете.uz"-ға хабарлауынша, оқиға жайлы хабар Яшнабад аудандық ІІБ үйлестіру қызметі басқармасына 14 қаңтар күні 11:50-де түскен.

Бас прокуратура ақпаратына сәйкес, Нариман Григорянның денесі өзі жалға алып тұрып жатқан Яшнабад ауданындағы, Чигил көшесіндегі үйден табылған. Оның денесінде зорлықпен өлтіру белгілері анықталған.

Дизайнердің өліміне қатысты Яшнабад ауданының прокуратурасы Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97 бабы, 1 бөлімі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Айта кетейік, Нариман Григорян - танымал өзбек дизайнері, хореограф, "Тодестің" алғашқы құрамында болған, халықаралық көрсетілімдер, байқаулар мен фестивальдерге қатысқан. 2004-2008 жылдары Өзбекстанның Хореография академиясында оқыған. Ташкентте Nariman Grigoryan брендті дүкендері болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1836993-zbekstandyk-tanymal-dizajnerdi-limine-kdikti-staldy/

pixel