RU
Желідегілер Ләйлә Сұлтанқызын әйгілі Дженнифер Лопеске ұқсатты (фото)

Желідегілер Ләйлә Сұлтанқызын әйгілі Дженнифер Лопеске ұқсатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына жақындары оның күллі әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестен айнымайтынын айтқан. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында мәлім етіп, өзінің фотоларын голливудтық жұлдыздың суреттерімен салыстыра кеткен. Желі қолданушылары да бірауыздан қос сылқымның түрлері де, стилі де ұқсас деген пікір білдіруде деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sultankyzy. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Сұлтанқызы әлеуметтік желіде жариялаған фотоларда америкалық әншіге ұқсап кеткен образдарын көрсеткен.

Алайда, белгілі тележүргізуші өзін Джей Лодан айнымайды деп есептемейді. Ол голливудтық жұлдыздың өзіне еліктеп жүргенін алға тартты.

"Қыздарым жіберіпті. Менің егізім бар екен. Дженнифер Лопес, маған еліктеуді қашан қоясың" , - деп жазған Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары аталмыш суреттерді қызу талқыға салды. Пікір білдірушілердің аталмыш суреттерге қатысты ойы екі түрлі болды.

Бірі оларды қатты ұқсайды деп тапса, енді бірі тіптен ұқсас жерлері жоқ деп санауда.

"Кім айтты ұқсайды деп?" , "Түк ұқсап тұрған жоқсыз. Оның үстіне ол кісінің сізге еліктеп жүргені де жоқ" , "Меніңше, стильдері ұқсайды" , "Түрлері де, стильдері де келіседі" , "Екі мықты әйел, қатты ұқсайды екенсіздер" , "Бұған дейін байқамаппын, бірақ ұқсайтындарыңыз анық" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызының ұлдары "Реал" футболшыларымен кездескенін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel