Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

65 жыл бірге өмір сүрген ерлі-зайыптылар бір күнде қайтыс болды

Опубликовано:

Америкалық ерлі-зайыптылар Джек пен Харриет Моррисон некеде 65 жыл тұрып, бір күнде қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ St. Louis Post-Dispatch басылымына сілтеме жасап.

кәрілерге
Фото: twitter.com: UGC

Жұбайлар Миссури штатының Сент-Луис қаласындағы қарттар үйінің бірінде көз жұмды. 86 жастағы Джек пен 83 жастағы Харриет 11 қаңтар күні бірінің артынан бірі о дүниеге аттанды.

Олардың қарттар үйіндегі төсектері бір-біріне жақын орналасқан. Сол себепті ерлі-зайыптылар бір-бірінің қолдарынан ұстап жата алды деп жазады НСН.

Болашақ ерлі-зайыптылар 1955 жылы Хеллоуин мерекесі кезінде танысты. Ал 1956 жылы үйленуге шешім қабылдапты. Газета.ru басылымының мәліметінше, олар екі ұл тәрбиелеп, өсірген. Ұлдардың бірі 2007 жылы қайтыс болды. Ерлі-зайыптылар денсаулықтарына байланысты қарттар үйіне 2019 жылы келген.

"Көңілім құлазып тұр. Бірақ мен олардың енді аспанға бірге екенін білемін", - деді олардың жиені Сью Вагенер.

Сондай-ақ, ол Джек пен Харриеттің махаббат хикаялары жайлы кітап жазуға болатынын атап өтті.

Ерлі-зайыптыларды жерлеу рәсімі 15 қаңтар күні өтті. Олар ұлдарының жанына жерленды.

Естеріңізге сала кетейік, америкалық қос жұп өлім аузында жатқан әкесі үшін неке қидырғанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837235-65-zyl-birge-mir-srgen-erli-zajyptylar-bir-knde-kajtys-boldy/

pixel