Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дуалап алған": Күйеуі жеңіл жүрісті әйелмен сөйлескен келіншек мұңын шақты

Опубликовано:

Отбасылы келіншек екі жылдан бері күйеуінің өзге әйелмен сөйлесіп жүргенін сөз етті. Жеңіл жүрісті әйел тіпті, ер адамды өзіне ғашық ету үшін басын дуалап алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дуалап алыпты": Күйеуінің жеңіл жүрісті келіншекпен сөйлестетінін айтқан әйел мұңын шақты
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Бұл туралы келіншек Instagram-дағы ushbu_hat парақшасында жазды.

Кейіпкердің сөзінше, ер адам үйленіп, отбасылы болғалы бері жеңіл жүрісті әйелмен қарым-қатынас құрып жүріпті.

"Күйеуіммен отасқанымызға 2 жылдан асты, осы уақытқа дейін бір жеңіл жүрісті әйелмен қарым-қатынас құрып келеді. Мен талай рет "қой" деп, онымен араласпауын сұрадым. "Жоқ, сөйлеспеймін" деп алдап, қайтадан сол әйелмен араласады", - деп ағынан жарылды ол.

Күйеуі өзгемен жүріп, опасыздық жасаған келіншек бар шындықты ата-енесіне айтқанын сөз етті.

Белгілі болғандай, бөгде әйел ер адамды дуалап, өзіне қаратып алыпты.

"Сонымен не керек, тағы бірде ұстап алып, барлығын ата-енеме айттым. Сөйтсем, мені сүймейді екен, сүйе алмапты. Бәріне көз жұмып қарап жүрдім, бірақ психологиялық тұрғыдан шаршадым, күйеуімді көрсем, қатесін бетіне баса беремін.
Қазір ата-енем емдетіп жатыр. Ол әйел күйеуімді өзіне қаратып алу үшін басын дуалап тастапты. Енді оны қайта қайтара аламыз ба? Қатты шаршадым, ажырасқым келіп жүр", - деп аяқтады сөзін ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жас қызға ғашық болған отбасылы азаматтың сүйіктісін дуалап алғысы келетінін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837255-dualap-algan-kjeui-zeil-zristi-jelmen-sjlesken-kelinsek-myn-sakty/

pixel