Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Жұма күні, яғни 2020 жылдың 24 қаңтарында үкімет үйінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Кеңейтілген отырыста үкімет еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларының есебін береді. Сондай-ақ мемлекет басшысының үкіметке ел дамуының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланады", - деді ол.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Сондай-ақ, президенттің шешімімен Павлодар облысының әкімі де ауысты. Осыған дейін өңірді басқарып келген Болат Бақауовтың орнына Әбілқайыр Сқақов келді. 45 жастағы шенеунік Павлодар облысының тумасы болып табылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді