RU
Даяшыдан жоғары лауазымға дейін көтерілген қазақстандық шенеунік жайлы не білеміз

Даяшыдан жоғары лауазымға дейін көтерілген қазақстандық шенеунік жайлы не білеміз

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары Ерлан Оразбайдың даяшы болып бастаған еңбек жолы кеңінен талқылануда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Ерлан Оразбай Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары лауазымына 2019 жылы 26 желтоқсанда тағайындалған.

Бастапқыда президент істері басқармасының асханасына даяшы ретінде жұмысқа кірген ол 18 жылдың ішінде Қазақстан президенті іс басқарушысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.

Ерлан Оразбай - Өзбекстандағы Ташкент облысына қарасты Чирлик қаласында 1979 жылы өмірге келген.

2011 жылы "Тұран Астана" университетін, 2016 жылы "Қазақ технология және бизнес" университетін бітірген, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК "Салтанат Сарайы" қабылдау үйінің даяшысы болып бастаған.

2004 – 2005 жылдары Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК № 1 асханасының даяшысы болып жұмыс істеген.

2005 – 2012 жылдары Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК-ның "Ақорда" резиденциясындағы асханасының даяшысы.   

2012 – 2013 жылдары Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК № 1 асханасының метрдотелі, Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Қараөткел" РМК "Қызылжар" резиденциясының метрдотелі.

2013 – 2017 жылдары Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Қараөткел" РМК директоры.

2017 – 2019 жылдары Қазақстан президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" РМК директорының орынбасары.

2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан президенті Іс Басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.

Фото: udp-rk.kz сайтынан скриншот

Фото: udp-rk.kz сайтынан скриншот

Еске сала кетсек, күні кеше Шымкент қаласының әкімі ауысып, Ерлан Айтахановтың орнына Мұрат Әйтенов тағайындалды.

Айта кетсек, үшінші мегаполистің жаңа басшысы да 2006 жылы президенті Іс Басқармасында "Астана-Өнім" АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі болып, 2016-2019 жылдары аралығында ҚР ПІБ басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel