RU
Қызметкерге арналған мінездеме қалай жазылуы керек

Қызметкерге арналған мінездеме қалай жазылуы керек

Рассказать Вконтакте

Мінездеме – бұл белгілі бір адамның кәсіби және тұлғалық қасиеттеріне баға берілген құжат. Қызметтік мінездемеде адамның кәсіби, іскерлік, тұлғалық қасиеттері мен оның белгілі бір жұмыс орнындағы еңбек өтіліне және сол қызметтегі жекткен жетістіктеріне қысқаша шолу жасалады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pxhere.com

Көрнекі сурет: pxhere.com

Мінездеменің түрлері

Мінездемелер – сыртқы, ішкі, жағымды және жағымсыз болып бөлінеді.

Сыртқы мінездеме өзге ұйымдарға немесе мемлекеттік органдарға беріледі. Бұндай құжатты толтырғанда, қызметкерден мінездемені сұрату мақсатын білген дұрыс. Мінездеменің мазмұны мен баяндалу үлгісі соған байланысты болады.

Ішкі мінездеме, мәселен, қызметкерді ұйымдағы басқа бөлімге ауыстырғанда, қызметін жоғарылатқанда қажет болады. Бұндай құжатта қызметкердің нақты іскерлік қасиеттері мен жұмыс дағдыларын баяндауға басымдық беріледі.

Тағы бір атап өтетін жайт, жұмыс беруші мінездемені жазған кезде оның мәтінін қызметкермен келісуге тиісті емес. Алайда, қызметкер өзіне жазылған мінездемемен келіспесе, сотқа шағым түсіре алады.

Мінездеме ұйымның ресми бланкінде толтырылуы тиіс. Ондай бланк болмаған жағдайда, ұйымның толық мәліметтері көрсетілуі тиіс. Әсіресе, мінездеме белгілі бір мекемеден ресми түрде сұратылған кезде.

Жалпы, мінездеме міндетті түрде кемінде үш негізгі бөлімнен тұруы тиіс:

Бірінші бөлім – жалпы:

  • аты-жөні;
  • туған жылы, күні, айы;
  • фирмалық бланк болмаған жағдайда, ұйымның толық мәліметтері;
  • аталған ұйымдағы еңбек өтілі.

Екінші бөлім – атқарған жұмысы:

  • Жұмыс кезеңі, кадрлық ауысу, қызметінің жоғарылауы немесе төмендеуі және т.б.
  • Алған марапаттары немесе сөгісі (міндетті түрде себебін көрсету қажет).

Үшінші бөлім – жеке басына қатысты сипаттама:

  • Кәсіби қасиеттері;
  • Жұмыс тәжірибесі мен кәсіби дағдылары;
  • Әріптестерімен қарым-қатынасы;
  • Еңбекке қабілеттілігі және т.б.

Бұл әрине, қызметкерге берілетін мінездеменің жалпылама үлгісі. Оған өзгертулер мен қосымша мәліметтер енгізуге болады. Мысалы, кәсіби қызметіне қатысы болмаса да, жұмыс барысында пайдаланатын қосымша дағдылары мен білімі.

Көрнекі сурет: pxhere.com

Көрнекі сурет: pxhere.com

Қызметкерге арналған мінездемеде келесі мәліметтер көрсетілуі тиіс:

Жеке мәліметтер. Оның ішінде отбасылық жағдайы, әскери қызметі, білімі.

Атқарған қызметіне қатысты мәліметтер. Аталған бөлімде тұлғаның еңбек өтілі, жұмысқа қабылданған уақыты, аталған мекемедегі кадрлық ауысулары, қызметтегі жетістіктері мен кәсіби дағдылары көрсетіледі. Егер қызметкер аталған мекемедегі жұмыс кезінде білімін, біліктілігін жетілдіруге жіберілсе, мінездемеге бұл ақпараттарды да қосуға болады. Сондай-ақ осы бөлімде қызметкердің алған марапаттары (алғыс хат, ынталандыру т.б.) немесе тәртіптік жазаға тартылғаны көрсетіледі.

Тұлғалық сипаттамалар. Аталған ақпарат мінездеменің ең маңызды бөлігі болып табылады. Мәселен, егер қызметкер бөлімнің басшысы болса, онда оның ұйымдастырушылық қасиеттерін, қоластындағы адамдары үшін жауапкершілігі бар-жоғын, қиын шешімдерді қабылдауға даярлық деңгейін, өзіне және қоластындағы қызметкерлерге деген талапшылдығы сияқты қасиеттерін көрсету керек.

Ал егер қызметкер атқарушы болса, онда оның басшылық тапсырмасын орындауға даярлық деңгейін, бастамашылдығын, нәтижге жетуге деген құлшынысын және т.б. қасиеттерін атап көрсетуге болады.

Сондай-ақ осы бөлімде тұлғаның әріптестерімен қарым-қатынасы сипатталады.

Мінездеме ресми құжат болғандықтан, онда ұйым басшысының қолы қойылуы тиіс. Болған жағдайда, ұйымның мөрі басылуы керек.

Мінездеме жазғанда нені ескеру қажет?

Құжатқа қойылатын басты талап – қызметкердің тұлғалық және кәсіби қасиеттеріне әділ баға берілуі. Нәтижесінде мінездемеде жазылған мәліметтер сипатталған адам жайлы дұрыс көзқарас қалыптсуына септігін тигізуі керек.

Мінездемені жұмыс орнынан тек қызметкер ғана емес, мемлекеттік органдар да сұрай алады. Ол не үшін қажет болуы мүмкін?

  • Жаңа қызметке ауысу кезінде;
  • Несие рәсімдеу кезінде;
  • Қамқоршылық органдарға жүгінгенде;
  • Оқу орнына ұсыну үшін;
  • Марапаттауға, мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанда;
  • Сотқа.
Көрнекі сурет: pxhere.com

Көрнекі сурет: pxhere.com

Мінездеменің мазмұны берілетін жеріне қарай ерекшеленуі мүкін. Мәселен, егер қызметкер құжатты бала асырап алу үшін қамқоршылық органына ұсынатын болса, мінездемеде оның жеке басына қатысты қасиеттері ерекше атап көрсетілуі тиіс. Мысалы, кең пейілділігі, қамқорлығы, жақсы мінез-құлықтары деген сияқты.

Ал егер мінездеме қызметкердің мансабын жоғарылату немесе жаңа қызметке ауысу мақсатында жазылса, оның атқарушылық, жауапкершілік, бастамашылдық, ұйымдастырушылық қасиеттеріне басымдық беру керек.

Мәселен, сотқа берілетін мінездемеде қызметкердің адалдығы, өз міндеттеріне деген жауаптылығы, әріптестерімен қарым-қатынасы жайлы мәліметтер аталуы керек.

Мінездемеде не жазылмауы тиіс?

Мінездеменің нақты тәртібі болмағанымен, құжатты толтыру кезінде жазуға болмайтын белгілі бір заңдылықтар бар. Сонымен, қызметкерге мінездеме жазғанда неден сақ болу керек?

  • Қызметкерге эмоционалдық баға берілуінен;
  • Сипаттама жазылып жатқан тұлғаға қатысты кемсітулерден;
  • Жалған ақпараттан;
  • Қызметкердің саясатқа, дінге және осы сияқты салалардағы жеке көзқарастарын атаудан;

Сондай-ақ құжатты толтыру кезінде граматикалық және стилистикалық қателерге, кез-келген қысқартуларға жол бермеу қажет.

Атап өтетін жайт, жұмыс орнынан берілген мінездемеде қызметкердің жалпы өмірбаяны немесе басқа мекемедегі жұмыс кезеңдері мен сол жердегі жетістіктері көрсетілмейді. Яғни, тек мінездемені беріп отырған мекемедегі қызметіне қатысты мәліметтер ғана көрсетілуі тиіс. Басқа жұмыс орнындағы ақпараттар түйіндемеде немесе бөлек мінездемелерде беріледі.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel