Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пластикалық ота жасатқан әнші қыз қос жанарынан айырылып қала жаздады

Опубликовано:

Отандық танымал "Аюми" тобының бұрынғы әншісі Айдана Мәлік бет-әлпетін өзгертпек ниетте пластика жасатып, қос жанарынан айырылып қала жаздаған. Арзан бағадағы операцияға қызыққан арудың процедурадан кейін көзі ісіп, көгеріп кеткен. Өнер иесі қабағын тартқызбақ болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aidana_malik. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aidana_malik. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айдана Мәлік Instagram желісінде басынан өткен оқиға жайлы сыр шертіп, қыз-келіншектер қауымына платикалық ота жасайтын күмәнді ауруханалардан аулақ болуға шақырды.

Екі баланың анасы аталмыш отаны жасатуды бұрыннан бері аңсап келгенін жасырмайды. Алайда, экс-Аюмилік әнші оның зардаптары осындай болады деп күтпеген.

"Сіздерге отасыз жасалатын қабақ пластикасы жайлы оқиғамды айтып берейін. Отасыз пластикаға қатысты сан түрлі жазбаларға тап болып, бәрін қарап шықтым. Қатты қызығып кеттім. Сосын, күндердің бір күнінде Айдана да қабағын тартқызғысы келді. Масқара. Жазылып операцияға бардым.Мен отаға аса үлкен күмәнмен жаттым. Себебі, мен маған көрсетілген қызмет жайлы келісімшартқа қол қойғаным жоқ.

Оған қоса, анализдер туралы сұрамады, паспорт талап еткен жоқ. Алдымен сынақ ретінде жасап көрді. Сол кезде ол маған жаңа қабақ саып берді. Әрине, мен бұдан кейін миллион сұрақ жаудырдым. Ол болса әрең жауап беріп жатты. Маған жергілікті анестезия қойған бойда оң кзім ісе бастады. Маман маған көзім ісіп кеткендіктен, басқа күні келуімді хабарлады. Ол мені бірден басқа күнге ауыстырды.

Мен болса, оң көзім көгеріп, ауруханадан бездім. Өте риза болып қаштым. Айтпағым: Тәуекелге барасыз ба, жоқ па таңдау сізде. Бұл аталмыш процедура жайлы жарнама өте көп. Тым төмен бағадағы ота сенім тудырмайды. Іс жүзінде бәрі нашар болуы мүмкін. Себебі, мұндай оқиғалардан ешкім сақталған жоқ. Олар атқарылған жұмыс үшін жауапкершілік танытпайтын болады" , - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов аса қымбат пластикалық ота жасатып, елдің сынына ұшыраған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837612-plastikalyk-ota-zasatkan-nsi-kyz-kos-zanarynan-ajyrylyp-kala-zazdady/

pixel