Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасын бұзбаса болды": Әсел Асқар "ағашкасы" бар аруларды қолдап шықты

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Бүркіттің атышулы қарындасы өзінен әлдеқайда үлкен ер азаматтармен кездесіп жүретін қыздарды жақтады. Әсел Асқардың ойынша, жағдайын жасайтын "ағашкамен" кездесуде тұрған ештене жоқ. Сондықтан, ол бұл жайтты қоғамда үлкен қылмысқа теңеудің қажеті жоқ екенін басып айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/assel.askar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/assel.askar. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әсел Асқар егде жастағы азаматтың жас қызбен қол ұстасып бара жатуын ерсі деп санамайтынын айтты. Ол бүгінде кеңінен тарап кеткен "ағашкалармен" кездесу мәселесіне қатысты өз ойын ашық жеткізді.

"Бұған көзқарасым бірқалыпты. Себебі, нәзік жандардың табиғаты қамқорға зәру болып келеді. Осы орайда, ерлердің көмектесуі орынды дүние. Мұның айыбы жоқ. Егер бойжеткен үлкен ер адаммен кездесіп жүрсе, оны қылмысқа балаудың қажеті қанша? Бастысы, ару өзгенің отбасын бұзбаса болғаны" , - деді танымал блогер.

Айта кетейік, бұған дейін Әсел Асқарға жұбайы қымбат маркалы көлік сыйға тартқан болатын.

Сонымен қатар, желіде екінші мәрте тұрмысқа шыққан актрисаға сырға салынып жатқан сәттен видео пайда болы.

Бүркіттің қарындасы ғаламтор кеңістігінде күйеуімен түскен сексуалды фотосессиясын жариялап, елдің сансыз сынына ұшырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1837648-otbasyn-bzbasa-boldy-sel-askar-agaskasy-bar-arulardy-koldap-sykty/

pixel