Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев тағы да қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысы туралы айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәл қазір Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысуда. Министрлер кабинетінің отырысында ол премьер-министрдің орынбасарынан Қазақстандағы шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын сұрады. Президент теңсіздікке жол бермеу керектігін баса айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Кездесу барысында президент қазақстандықтар мен шетелдік мамандардың жалақы теңсіздігі мәселесін қозғады. Ол вице-премьер Бердібек Сапарбаевтан теңсіздікті болдырмау үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқандығын сұрады.

"Бізде шетелдік жұмысшылары бар 2000 астам кәсіпорын бар. Қазақстандық жұмыскерлердің үлесі 90%. Сіздің тапсырмаңызбен Бас прокуратура жергілікті органдармен бірлесе отырып, 96 кәсіпорынға тексеріс жүргізді, заң бұзушылықтар анықталды", - деді Сапарбаев.
Бас прокуратурамен бірге 500-ден астам шетелдік азамат шығарылды", - деп мәлімдеді Сапарбаев.

Ол Қазақстандағы шетелдік жұмысшылардың саны 100 мың адамнан 29 мың адамға дейін азайғанын атап өтті. Үкімет мәжіліске кәсіпорындарға арналған мемлекеттік актілерге теңдікті қамтамасыз ететін түзету енгізу туралы ұсыныс енгізген.

"Біз шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындармен бірге жұмыс істейміз. Біз оларға қазақстандықтарды үйрету туралы шарт қоямыз", - деді Сапарбаев.

Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837654-tokaev-tagy-da-seteldik-zne-kazakstandyk-zmyssylardy-zalakysy-turaly-ajtty/

pixel