Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев: Несиені қайтара алатын адамдарға беру керек

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында президент халыққа несие беру мәселесін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: Original
"Корпоративтік секторды несиелендіру төмендеді, шағын және орта бизнесті 18%-ға, ауыл шаруашылығын 48%-ға. Бұл халықты несиелендірудің өсімімен байланысты – 24%. Оның үстіне, бұлардың үштен екісі кепілсіз берілген. Бұл қаржы жүйесіндегі елеулі проблемалар", – деді президент.

Ол сондай-ақ өткен жылы 1,2 млн қазақстандықтың тұтынушылық несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдары алынғанын атап өтті.

"Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу агенттігіне бұндай жағдайларды болдырмау үшін реттеу шараларын қабылдау қажет. Несиені қайтара алатын адамдарға беру керек", – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта 6,7 млрд теңгеге жуық қаражаттың несиелік қарыз есебінде екенін да мәлім етті.

"Бізде жеке тұлғаларға берілген несие көлемі 1,4 триллион теңгеге артып, 6,7 триллион теңгені құрап отыр. Олардың толық қайтарылуына байланысты сұрақ туындайды", – деді президент.

Ел көшбасшысы сондай-ақ, ұлттық банктің бағалардың тұрақтылығы мен ақша-несие саясатының мөлдірлігіне зер салу керектігін атап өтті.

"Биылғы 1 шілдеге дейін саясатты әзірлеу керек. Мақсат – төмен инфляция мен экономикалық өсімді қолдау арасында пәтуаластыққа қол жеткізу", – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Тоқаев сонымен қатар қаржы реттеушіге банк жүйесін сауықтыру бойынша тәсілдер әзірлеу керектігін жеткізді.

"Бұл істі жеделдетіп жасау қажет. Оның салдары қиын болуы мүмкін. Банк секторын қолдау мәселесін нарық жағдайында қарастыру керек. Ұлттық банкке тепе-теңдік табу қажет", – деді Тоқаев.

Еске сала кетейік, бүгінгі үкімет отырысында мемлекет басшысы бұған дейін үкіметке бюджет шығынын, атап айтқанда, имидж құру іс-шараларының шығындарын оңтайландыру туралы нұсқау бергенін айтты.

Президент одан әрі қажетсіз шығындарға мораторий енгізуді ұсынды.

Сондай-ақ, Тоқаев кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1837699-tokaev-nesieni-kajtara-alatyn-adamdarga-beru-kerek/

pixel