RU
"Дуалағым келеді": 19 жастағы бойжеткен сүйіктісі жайлы айтты

"Дуалағым келеді": 19 жастағы бойжеткен сүйіктісі жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

19 жастағы бойжеткен сүйіктісінің басын дуалап алмақ ойы бар екенін атап өтті. Сөзінше, бақсы оған жігітінің өмірінде бұрынғы ғашығы пайда болғанын және оны тартып алғысы келетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дуалағым келеді": 19 жастағы бойжеткен сүйіктісі жайлы айтты

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы бойжеткен Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

Арудың сөзінше, ол жігітінің сөзін екі етпей, оны құрметтейді екен. Алайда сүйіктісімен жуырда ұрсысып қалған ару оны жоғалтып алмау үшін дуа жүгінуді жөн көріпті.

"Жасым 19-да. Жуырды жігітіммен ұрсысып қалдым. Оны қатты жақсы көремін және құрметтеймін. "Сіз" деп сыйлаймын. Одан төмен тұратынмын. Даусымды көтермейтінмін. Ұрсысқан кезде ол кінәлі болса да мен бірінші кешірім сұраймын. Енді соның басын айналдырғым келеді. Оны жібергім келмейді, сүйемін.
Ол да мені жақсы көреді. Бақсыларға хат жазып көрдім. Олардың бірі сүйіктім екеуімізздің арамызда бір қыздың тұрғанын айтты. Ол жігітімнің бұрынғы қызы екен. Айтуынша, қыз сүйіктімді өзіне қайтарып алмақ. Бақсы жігіт мені жақсы көретінін, бірақ не істейтінін білмей жүргенін сөз етті. Бұрынғы қызы тіпті, оны менен алыстатпақ екен", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіге хат жолдаған келіншек құрбысы мен оның күйеуі жайлы сөз етті.

Айтуынша, құрбысының жан жары оған жылдар бойы опасыздық жасап жүр екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel