Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұншықтырып, у берген: Шымкентте үш күйеуін өлтірген әйел сотталды

Опубликовано:

Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйелге үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

29 тамызда Шымкент полициясына 1964 жылы туған әйел келген. Ол өзінің азаматтық некедегі жолдасын өлтіргенін айтқан.

Алынған ақпаратты тексеру барысында Шымкент маңындағы времянкадан өлген ер адамның денесі табылған. Ер адам бұрын сотты болған.

Қылмыстық істі тергеу кезінде екеуі де жазасын өтеп жүрген кезде хат алмасып танысқандары белгілі болған.

Шартты түрде бостандыққа шыққаннан кейін әйел времянка жалдап, түрмеден өзі сияқты босап шыққан жаңа танысын бірге тұруға шақырған. Алайда ер адам әйелге қол көтеріп, оны жиі балағаттайды. Айыпталушы "сүйіктісін" үйден қуғанымен ол кетпей қойған.

Әрі қарай зорлыққа шыдай алмаған әйел "күйеуін" өлтіруді жоспарлайды. Кезекті бір отырыстан кейін марқұмның ұйықтағанын күткен әйел оны жаймамен байлап, тұншықтырған. Артынша өзі полицияға барып, бәрін мойындаған.

Мамандандырылған ауданаралық соттың хабарлауынша, кісі өлтірген әйел бұған дейін осыған ұқсас қылмысы үшін екі рет сотталған.

Алғаш рет ол 2003 жылы күйеуіне у беріп өлтіргені үшін жеті жылға қамалған. Жақсы тәртібі үшін 2008 жылы бостандыққа шығады.

2010 жылы өзіне қорлық көрсеткен азаматтық некедегі күйеуін өлтіргені үшін екінші рет 12 жылға бас бостандығынан айырылған. 2018 жылы жазасын өтеп жатқан жері жақсы мінездеме беріп, шартты түрде босап шыққан.

"Қазіргі уақытта ол қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Оған 12 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталушы үкімге шағым жасаған жоқ. Үкім заңды күшіне енді", - деді судья, БАҚ-пен жұмыс координаторы Әбинұр Қарабаев.

Еске сала кетсек, Қызылордада күйеуін өлтіруге киллер жалдаған келіншектің 7,5 жылға сотталғаны хабарланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1838053-tnsyktyryp-u-bergen-symkentte-s-kjeuin-ltirgen-jel-sottaldy/

pixel