Выйти
RU

Қышыма мен безеуді кетіреді: Зығыр майының пайдасы туралы білесіз бе

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Зығыр майы тұрмыста кеңінен қолданылады. Осы өнімнің пайдасы туралы да жиі еститініміз рас. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz сайтына сілтеме жасап қызықты дерек ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Зығыр майының құрамы

Зығыр майы басқа да май түрлері секілді триглицеридтен тұрады. Триглицеридтерді құрайтын майлы қышқылдардың қасында альфа-линол қышқылының көп мөлшерінен тұратын зығыр майы өте ерекше болып келеді. Зығыр майындағы майлы қышқылдардың құрамы келесідей: үш еселенген қанықпаған альфа-линол қышқылдары (51,9%-55,2%); қаныққан қышқылдар: пальмитин қышқылы (7 % жуық) және стеарин қышқылы (3,4%-4,6%); моноқанықпаған олеин қышқылы (18,5%-22,6%); екі еселенген қанықпаған линол қышқылы (14,2%-17,0%).

Зығыр майы, әсіресе, оттегінің әсерін полимерлеу реакциясында аса қабілетті. Полимерлеу процесінің жылу шығаратыны соншалық, белгілі бір кезеңде, тіпті, өрт туындатуы да мүмкін.

Зығыр майын тұрмыстақ салада қолдану

Зығыр майы кендір май болып табылады. Өзінің полимер қалыпты құрамының арқасында майды таза түрде немесе басқа майлармен кешенді түрде, еріткіш немесе қара май, сондай-ақ сүректі өңдеуге арналған лак, бояу, бітеу кезінде пластификатор және қатайтқыш ретінде, линолеум өндірісі кезінде қолдануға болады. Соңғы жылдары синтетикалық алкидті қара май қолжетімді бола түскендіктен, зығыр майын қолдану азайып кетті.

Зығыр майын косметологияда қолдану

Косметологияда зығыр майы бұрыннан қолданылып келеді. Шаш бальзамы, тері мен тырнақ үшін жарамды компонент ретінде зығыр майы өзінің пайдалы екенін бұрында-ақ дәлелдеп қойған. Таптырмайтын май қышқылдары (ТМҚ) жазылудың ең басты компонеттерінің бірі болып табылады. Дұрыс қызмет атқару үшін ағза оны қажет ететіндіктен, ТМҚ-ның бағасы да арзан емес.

Безеуден, қышымадан, қотырда, күнге күюден, розацеадан емделу

Зығыр майы қабынуға қарсы қасиетке ие. Сонымен қатар, ол адамды тыныштандыра алады. Күнге күйгеннен кейін зығыр майын жақсаңыз тері жылдам жазылады.

Зығыр майын шаш пен тырнаққа қолдану

Шашқа арналған зығыр майы. Май қышқылдары шаштың буылтығын (түйінін) құнарландырады. Шаштың ұзын әрі сау өсуін қамтамасыз етіп, берік бола түседі. Ал, бұл қышқылдардың төмен деңгейі шашыңыздың құрғақ әрі күңгірт болып кетуіне алып келуі мүмкін.

Зығыр майы бас терісінің қабынуының алдын алып, шаштың түсуін және қайызғақтың пайда болуын тоқтатады.

Зығыр дәнінің аршылмаған құрамында болатын Е дәрумені бас терісінің және шаш буылтығының қосымша берік бола түсуіне септігін тигізеді.

Берік әрі құлпырған шашыңыздың болуына қол жеткізудің екі жолы бар.

Бұл бағытта бірінші әрі маңызды қадам – зығыр майын тұтынудың рационын енгізу. Зығыр майын ең алдымен аздаған мөлшерде тұтынудың маңызы зор. Егер ағзаңыз бір тәулікте май қабылдаудың белгілі бір мөлшеріне үйреніп қалса, зығыр майын бірден көп мөлшерде тұтыну үйлесімсіздікке әкеп соғуы мүмкін.

Шашқа арналған үй зығыр майы

Шашқа арналған зығыр майы аса қымбат болмайтындай өнімге жатады. Сонымен қатар, бұйра және толқынды шашқа ыңғайлы келеді. Гель шаштың ылғалдануына әсер етеді. Сіздің шашыңыздың қажеттілігіне қарай үйде жасалған зығыр майының геліне қосымша компонеттерді де қосуға әбден болады. Процесс 10-12 минутты алады. Гель екі апта бойы салқын жерде, табиғи қосындылар қосылса одан да көп мерзім сақталады.

Зығыр майы жайлы қайшы пікір

Тері мен шашты бабында ұстау үшін қолданылатын әр түрлі заттарды пайдаланбай тұрып, зығыр майы негізінде оның теріге қалай әсер ететін біліп алған дұрыс. Жанама әсер етудің алдын алу үшін (егер ондай болса) зығыр майын тағамға қолданбас бұрын дәрігермен міндетті түрде ақылдасып алу керек.

Кішкентай балалар, аяғы ауыр әйелдер мұндай қоспаларды дәрігердің рұқсатынсыз тұтынбауы керек.

Зығыр майының денсаулыққа пайдалы тәртіпте тұтыну үшін табиғи зығыр майын сатып алыңыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қышыма мен безеуді кетіреді: Зығыр майының пайдасы туралы білесіз бе