RU
Құрманғазы оркестрі мен "Милосердие" қоры маңызды құжатқа қол қойды

Құрманғазы оркестрі мен "Милосердие" қоры маңызды құжатқа қол қойды

Рассказать Вконтакте

Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі мен "Милосердие" қоғамдық қоры арасында қайырымдылық концерттерін өткізу туралы меморандум жасалды. Аталмыш құжатқа ДОМ директоры Аружан Саин мен Құрманғазы оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиев қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

рррррр

Фото: KAZ.NUR.KZ

85 жылдық тарихы бар Құрманғазы оркестрі осы уақытқа дейін түрлі қайырымдылық шараларына белсене атсалысып келеді.

Қарттар үйінде, балалар үйінде және мүгедек жандарға арналған ұйымдарда талай мәрте өз өнерін көрсетіп жүрген ұлы оркестр еліміздегі өзге де мәдени ұжымдардың арасында алғашқылардың бірі болып игі істі бастады.

Қазақтың төл өнерін дәріптеп жүрген өнер ордасы осы жолы да мұқтаж жандарға қол ұшын созуды мақсат тұтып, Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірлесе жұмыс істемекші.

Ал "Милосердие" қоғамдық қоры (ДОМ - ред.) 2006 жылдың сәуір айында өз жұмысын бастап, бүгінге дейін айықпас дертке шалдыққан бүлдіршіндердің өмірі үшін күресіп келеді.

ДОМ негізгі үш бағыт бойынша түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырады. Солардың ішінде "Балаларға өмір сыйла" тұрақты акциясы ауыр сырқатқа шалдыққан қазақстандық балалардың еміне қаражат жинаумен айналысады.

Осы орайда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі мен Аружан Саин бастаған қоғамдық қор ортақ келісімге келіп, аталмыш акция бойынша түрлі қайырымдылық шараларын жасау туралы шешім шығарды.

Қос тарап қол қойған меморандум аясында өткізілетін алғашқы концерт 23 ақпанға жоспарланған.

Қайырымдылық кеші Алматы қаласындағы Құрманғазы оркестрінің концерт залында өтеді деп күтілуде.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel