RU

БҚО-да әуе бомбасына ұқсас екі снаряд табылды (фото)

Батыс Қазақстан облысында әуе бомасына ұқсас екі снаряд табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.

Фото: БҚО ПД
Фото: БҚО ПД: Facebook

Басылымның мәліметінше, снарядтардың біреуін қорықшы, екіншісін полиция қызметкерлері тапқан.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26 қаңтарда Қазталов аудандық полиция бөліміне "Қазақия" ЖШС қорықшысы Жас ауылынан үш шақырым қашықтықта орналасқан "Сарышанақ" қыстау аумағынан әуе бомбасына ұқсас снаряд тапқанын айтып, хабарласқан.

Фото: БҚО ПД
Фото: БҚО ПД: Facebook

Снарядтың ұзындығы 150 сантиметр, ал диаметрі - 40 сантиметр болған.

Сондай-ақ, Қазталов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де әуе бомбасына ұқсайтын снаряд тауып алған. Алдыңғы снаряд екеуінің ұзындығы мен диаметрі бірдей.

Қабылданған қауіпсіздік шараларына сәйкес, полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алған. Дегенмен азаматтар эвакуацияланбады. Полицияның хабарлауынша, қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, снарядты мамандар жояды.

Фото: БҚО ПД
Фото: БҚО ПД: Facebook

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында аспаннан белгісіз металл бөлшектің құлағаны хабарланған. Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан-Ресей комиссиясы мән-жайды және себептерді анықтайтынын мәлім еткен еді.

Сондай-ақ, бірнеше күннен кейін Қорғаныс министрлігі комиссияның алдын-ала қорытындысын жариялады.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан-Ресей бірлескен комиссиясының алдын-ала мәліметтеріне сәйкес, Ақтөбе облысында табылған зымыран сынықтары атмосфераның жоғарғы қабатын зерттеуге бағытталған геофизикалық зымыран екені анықталған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1838311-bko-da-ue-bombasyna-ksas-eki-snarad-tabyldy-foto.html