RU

Желіде боранға қарамай "снегоходпен" ұзатылған арудың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде қарлы боранға қарамастан, арнайы қарда жүретін көлік түрімен ұзатылып бара жатқан арудың видеосы тарап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Қызықты видеоны Facebook әлеуметтік желісінде Үйтолған Жареке есімді қолданушы жариялаған.

"Кетем деген қызды тоқтатқаннан жауып тұрған жауынды тоқтату оңай" дейміз бе, әлде аспанда той бар десе саты іздеген елдің ұрпағымыз дейміз бе? Бір білерім тойға әпитетіміз күшті. Ақтөбеде қызды снегоходпен ұзатуда. Жастар бақытты болсын", - деп жазылған видеоның астындағы жазбада.

Өз кезегінде видеоны көрген желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырған. Оқырмандарыдың сөзінше, қыз ұзату Ақтөбе облысы, Алға ауданында болған.

"Қыз мұраты кету ер мұраты жету бақытты болсын", "Бақытты болсын!", "Той белгілеп қойған ғой", "Қайта-қайта той жасайтын ақша қайда?", - деп жазған олар.

Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде мұзға оранса да жұмыс істеп жүрген полицейдің суреті пайда болған еді.

Қатты аяз бен қардың көп жаууының салдарынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз жұмысын атқару оңайға соғып жатқан жоқ.

Дегенмен полиция қызметкерлерінің бірі Дамир Құдайберген төмен ауа температурасы мен қатты соққан желге, дауыл мен боранға қарамастан, өзінің және әріптестерінің "позитивті күйді" жоғалтпайтынын айтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1838327-zelide-boranga-karamaj-snegohodpen-zatylgan-arudy-videosy-tarady.html