RU

Шаштарын алып, жөргек киеді: Қытайлықтар коронавирустан барынша қорғануда

Қытайлық ғаламтордың бұғатталып тұрғанына қарамастан мемлекет ішіндегі ақпарат әлемге лезде тарауда. Осылайша, белгілі болғандай, Қытай тұрғындары ауруды жұқтырып алмау үшін барлық тәсілдерді қолдануда. Олар тіпті, шаштарын тақырлап, ал дәрігерлер жөргек кие бастапты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Шаштарын алып, жөргек киеді: Қытайлықтар коронавирустан барынша қорғануда
Фото: twgreatdaily.com: UGC

Қытайлық медицина қызметкерлері мен еріктілер әлеуметтік желілерде жұмыстарының мән-жайын баяндауда. Көптеген нәзік жандылар ауруды жұқтырып алу қаупін төмендету үшін шаштарын қиюға шешім қабылдапты.

Кейбірі тіпті, шаштарын тақырлап алып тастауға бел буған.

Осылайша Beidou news басылымы "Уханьдағы медбике күнделігін" ұсынды. Ол жерде вирус тараған Ухань қаласына арнайы аттандырылған медбике елдегі жағдай туралы әңгіме өрбітеді.

Оның жазуынша, адамдар ауруды жұқтырып алу қаупін төмендету үшін міндетті түрде арнайы қорғаныш киіп жүреді, ал қызметкерлердің ауысым уақыты 4-6 сағатқа созылады.

Сондай-ақ, науқастар ауруханаға тоқтаусыз түсуде екен, сол себепті кейбір қызметкерлер үлкендерге арналған жөргек киуді құп көрсе керек.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайда коронавирустан көз жұмғандар саны 132 адамға жеткені хабарланды.

Ал Гонконг ғалымдары коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина дайындап шығарғандары белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1838376-sastaryn-alyp-zrgek-kiedi-kytajlyktar-koronavirustan-barynsa-korganuda.html