RU

Атышулы Шалқарда тағы да мектеп оқушысы пышақталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында жасөспірім төбелес кезінде пышақ жарақатын алып, дереу санавиациямен қалаға жеткізілді. Мектеп оқушысына ота жасалды. Ал күдікті деп танылған 9-сынып оқушысы қамауға алынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Атышулы Шалқарда тағы да мектеп оқушысын пышақтап кетті

Фото: KAZ.NUR.KZ

Жасөспірімдер арасындағы жанжал 27 қаңтар күні кешкі уақытта Шалқар қаласында тіркелді. Төбелес қатарластар арасында болған.

Екі мектептің оқушылары кездесіп, араларындағы түсініспестікті пышақ ала жүгірумен шешкен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Адам өлтіруге оқталу" бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Оқушылар арасындағы жанжалдан 16 жастағы жасөспірім пышақ жарақатын алды. Полиция оқиғаның барлық қатысушыларын анықтады. Қылмыс жасады деген күдікпен 9-сынып оқушысы ұсталды", - дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқушылар арасындағы төбелестен кейін полиция қызметкерлері Шалқар қаласында орта мектептің ата-аналарын шұғыл шақырып, жиналыс өткізді.

"Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу отбасының,  мектептің міндеті болып табылады. Тәрбие отбасынан басталуы керек. Ата-аналар баланың қайда екенін білуі тиіс. Полиция оқу орындарында алдын алу шараларын өткізуде, бірақ бұл аз, біз қоғаммен бірлесіп оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы тұруға тиіспіз", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылдың 28 қаңтарында Шалқар қаласындағы мұз айдынында жасөспірімдер арасындағы төбелестен 10-сынып оқушысы көз жұмған еді.

Кейін оқиғаға кінәлі деп танылған бозбала 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атышулы Шалқарда тағы да мектеп оқушысы пышақталды
Mailfire view pixel