Выйти
RU

Желіде Каримованың 29 млрд теңгеге иелік ететін мүліктерінің тізімі жарияланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлыбританияның ірі алаяқтыққа қарсы күрес басқармасы (SFO) Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараның мүлкі мен активтері туралы материалдар жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: zimbio.com

Фото: zimbio.com

Аталған мәліметтерге сәйкес, Каримова бірнеше банк шоттарына, Лондондағы екі пәтерге және Суррей аймағында орналасқан Gorse Hill Manor қымбат үйіне ие болып табылады.

Тізімді SFO ұйымы The Gazette басылымында жарияланған. Онда Каримованың Ұлыбританиядағы ақша активтерінің жалпы сомасы 10,06 миллион фунт стерлинг (шамамен 5 миллиард теңге) екені анықталды.

The Times басылымының дерегінше, "Өзбекстан ханшайымының" жылжымайтын мүлкінің құны 40 миллион фунтқа (19,8 миллиард теңге) бағаланды.

Еске сала кетсек, Швейцария соты Гүлнара Каримованың қымбат көліктерін сатпайтын хабарлаған болатынбыз.

Швейцариялық Le Temps басылымының жазуынша, "Өзбекстан ханшайымына" тиесілі Mercedes-Benz SLR2DR, Bentley Arnage және Range Rover Sport V8 көліктерінің құны 1 миллион франкке (1 млн доллар шамасында) бағаланған екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Желіде Каримованың 29 млрд теңгеге иелік ететін мүліктерінің тізімі жарияланды