RU
Депутаттар Тоқаевтың ұшақ билеттерінің құнына наразы екенін еске салды

Депутаттар Тоқаевтың ұшақ билеттерінің құнына наразы екенін еске салды

Рассказать Вконтакте

"Ақ жол" және "Нұр Отан" ҚДП фракцияларының бір топ депутаттары үкіметке мемлекет басшысының "Air Astana" рейс билеттерінің құнына наразы екенін еске салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Депутаттар Тоқаевтың Air Astana ұшақтарының билет құнына наразы екенін еске салды

Фото: twitter.com

Депутат Дания Есенғалиева премьер министр Асқар Маминге жолданған депутаттық үндеуінде республика басшысының өткен қыркүйекте әуекомпания билеттерінің қымбаттап кеткенін айтқанын еске түсірді.

Депутат бағаның өсуі Air Astana компаниясының монополиялық жағдайының нәтижесі екендігіне сенім білдірді. Депутаттың пікірінше, жағдайды түзету үшін Қазақстанның әуе кеңістігінде "ашық аспан" режимін енгізу керек.

Сонда шетелдік әуекомпаниялар тек халықаралық рейстерді ғана орындап қоймай, қазақстандық қалалар арасында жолаушыларды тасымалдай алады. Үкіметке үндеу жолдаған депутаттар Ақтөбе әуежайын "ашық аспан" мәртебесінде жұмыс істейтін әуежайлардың тізіміне қосу туралы өтініш білдірді.

Олар мұны осы қаладағы әуежайдың географиялық тұрғыдан жақсы орналасқандығымен және Азия мен Батыс Еуропаны жалғайтын маршруттардың қиылысында орналасуымен түсіндірді.

Сондай-ақ, Еспаева әуежайдағы ұшу-қону жолағының барлық типтегі ұшақтарды қабылдай алатындығын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда апатқа ұшыраған Bek Air ұшағының екінші ұшқышы қайтыс болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel