Выйти
RU

«Голос» шоуында елді таң қалдырған алматылық таксистің шындығы ашылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында Украинадағы «Голос» бағдарламасының дәстүрлі оныншы маусымына қатысып, әділ-қазыларды таң қалдырған таксист Ерлан Байбазаровтың шындығы ашылды. Көпшілікті өзін такси жүргіземін деп сендірген Ерланның шын мәнінде кім екені Алматы арнасындағы «Таңғы студио» бағдарламасында белгілі болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Голос» шоуында елді таң қалдырған алматылық таксистің шындығы ашылды

Ерлан Байбазаров. Фото: instagram

Айта кетелік, Украинадағы «Голос» бағдарламасына қатысқан алматылық Ерлан Байбазаров көпшілікті өнерімен тәнті еткен болатын.

Тыңдалым кезінде электро-домбырамен әйгілі топтың әнін шырқаған ол өзін таксист ретінде таныстырған еді. Ал шын мәнінде Ерлан Байбазаров кәсіби домбырашы болып шықты. Ол тіпті бірнеше жыл Президент оркестрінде қызмет еткенін әншінің продюсері Диана Шарапова мәлімдеді.

«Ерлан Байбазаров менен вокал курсын қабылдау үшін бірнеше рет хабарласты. Алайда, мен уақытымның тығыздығына байланысты үнемі келісім бергем жоқ.

Дегенмен, сәті түсіп, Ерланды дайындай бастадым. Оның дауыс ерекшелігі ұнады. Одан бөлек, еңбекқорлығы да бар.

Кей кездері өте асығыс болғандықтан, тез-тез кеңесімді айтып кетемін. Ерлан болса, дереу диктофонға жазып алып, өзі тынымсыз дайындалады.

Украиндағы «Голос» шоуында ол бір әнді екі түрлі дауыспен орындап шықты. Ал әділ-қазылар әнді бір адам емес, дуэт шыршап тұр деп ойлаған. Тіпті, шоудың ресми Instagram парақшасында да Ерлан Байбазаровтың ән салып тұрған сәтінен үзінді келтірген», - дейді Шарапова.

Айта кетелік, Ерлан Байбазаров «Голос» шоуында танымал дуэт Настя Каменских пен Потапты таңдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
«Голос» шоуында елді таң қалдырған алматылық таксистің шындығы ашылды