RU

Қытаймен әуе қатынасын тоқтату: SCAT және Air Astana ұшақ билеттерін қайтаруды сұрауда

3 ақпаннан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты Қытаймен әуе қатынасы тоқтатылады. Осылайша, Қазақстан билігі аурудың республика аумағында таралуын алдын алуды көздеп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қытаймен әуе қатынасын тоқтату: SCAT және Air Astana ұшақ билеттерін қайтаруды сұрауда
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қазақстаннан Қытайға ұшуға уақытша тыйым салуға байланысты әуекомпаниялар республика тұрғындарына SCAT, Air Astana, China Southern Airlines және Air China сияқты әуе компанияларында сатып алған билеттерін уақтылы тапсыруды сұрап отыр.

Мұндай хабарлама ААК-нің Telegram арнасында пайда болды. Департамент егер қазақстандықтар сатып алынған билеттерді уақтылы тапсырса, бұл оларға айыппұл салудан құтылуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті.

Сондай-ақ хабарламада жоғарыда аталған әуекомпаниялар Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және Қытайдың Бейжің, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында тұрақты рейстер жасағандығы айтылған.

Департамент билеттердің құны толығымен өтелетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, ААК Қытайда қалған жолаушыларды әкелуге арналған Бейжің және Үрімші қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастырылатындығын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін депутат Бақытбек Смағұлдың Қытаймен арадағы шекара бекеттері жабылғанын айтқанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, Қытайдың Хайнань аралына кеткен қазақстандық туристер мінген ұшақ Алматы әуежайына қонғаны хабарланды. Бортта тек Қазақстан ғана емес, Ресей мен Қырғызстан азаматтары да болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1838484-kytajmen-ue-katynasyn-toktatu-scat-zne-air-astana-sak-biletterin-kajtarudy-srauda.html