Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапон миллиардері айға бірге ұшатын аруды іздейтін байқауын тоқтатып тастады

Опубликовано:

Жапон миллиардері Юсаку Маэдзава өзімен бірге Айды бағындырғысы келетін аруларға байқау жариялаған еді. Дегенмен ол сайыс өткізу ойынан айнып қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

жапон
Фото: twitter.com/yousuck2020, pixabay.com: Facebook

Миллардер сайыс өткізу туралы ойынан бас тартқаны туралы Twitter желісінде жазған.

"Жеке сипаттағы себептерге байланысты мен құдаласу жайлы документалды шоуға қатыспау туралы шешімімді AbemaTV-ға хабарлап, бағдарламаны жоюды талап еттім. Менің шоуға қатысуға деген шын ниетіме қарамастан, менде бұған қатысты бір түрлі сезімдер болды", - дейді Юсаку.

Сондай-ақ ер адам бұл ойынан жарты жолдан бас тартқаны үшін көпшіліктен кешірім сұраған.

"Мен шоудың жасалуына үлес қосқан AbemaTV командасы және қатысуға өтініш берген көптеген адамдардың көңілін қалдырғанымды білемін. Өзімің лайықсыз іс-әрекеттерім үшін кешірім сұраймын. Мен үшін шынымен де өкінішті", - деді Юсаку Маэдзава.

Айта кетсек, 44 жастағы Маэдзава — сәнгер және киім сататын Zozo онлайн дүкенінің иесі. Forbes оның байлығын 2 млрд долларға бағалап отыр.

Еске сала кетсек, 27 жастағы миллиардер таяуда өзімен бірге Айды бағындыратын аруға іздеу салған еді.

Артынша қатаң іріктеуден өтіп, ауқатты ер адамның сүйіктісі болу үшін 20 мыңнан астам нәзік жанды өтінім тастағаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1838659-zapon-milliarderi-ajga-suga-seriktes-aru-izdegen-bajkauyn-toktatyp-tastady/

pixel