Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыс киімімен қуырдақ пісіріп жатқан Ғаділбек Жаңай желіні жарды

Опубликовано:

Желіде қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ғаділбек Жаңайдың үлкен қазаңға ет қуырып жатқан видеосы тарап кетті. Бейнежазбада көпшілікке белгілі әнші қуырдақ пісіруде. Өнер иесінің бұл қылығы оқырмандар арасынан үлкен қолдауға ие болған. Олар әртістің тамақ әзірлеу қабілетіне сүйсіне қарап, оған жылы лебізін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/gadilbek_zhanay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр/gadilbek_zhanay. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Ғаділбек Жаңай өзінің тамақ жасап жатқан сәтін Instagram парақшасында жариялаған. Аталмыш бейнежазбада эстрада өкілі үлкен ағаш таяқшасымен қазақндағы етті араластырып жатқанын көруге болады.

Оған қоса, әнші желіде арнайы жазба қалдырып, өзінің ақсаусақ еместігін нақты айтты. Өнер иесі ауылда қой бағып, қора тазалап өскен бала болғанын алға тартты.

"Мені кейбір Ағайын, микрофоннан ауыр ештеңе көтермеген ақсаусақ деп ойлайды екен. Ауылда қой бағып,қора тазалап өскен баламыз негізі" , - деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ғаділбек Жанай мен Айқын Төлепберген ресейлік танымал әнші Алексей Чумаковтың жеке кешіне бірдей киініп барған болатын. Өнер жұлдыздарының үстіңгі кимдері ұқсас болып шықты. Олар тіпті, парақшаларында бір-бірін белгілеп, сурет жариялаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1838829-zmys-kiimimen-kuyrdak-pisirip-zatkan-gadilbek-zaaj-zelini-zardy/

pixel