Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ми қызметін көкеністің қандай түрлері жақсартады

Опубликовано:

Адам миының жақсы жұмыс істеуі үшін жағымсыз ойдан аулақ болып, ұйқыны қандырып, тек пайдалы тағамдарды жеген дұрыс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Muslim.kz-ке сілтеме жасап.

Мидың жұмысын жақсартатын тағамдарды білесіз бе
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Дәрігерлер мидың жұмысын жақсартып, оның жастығын сақтауға салауатты өмір салтын ұстанумен қатар, "түрлі-түсті" кейбір көкөністер мен жемістер көмектесетінін айтады:

  • Көк және көк сия (фиолетовый) көкөністер мен жемістердегі (қара қарақат, қаражидек, кәді, қара өрік, қызыл орамжапырақ) антиоциан пигменті күйзеліспен күресіп, иммундық жүйені жақсартып, көздің көру қабілетін арттыруға көмектеседі.
  • Жасыл көкөністер мен жемістер (брокколи, авокадо, саумалдық, алмұрт, алма) ми жұмысына жақсы әсер етеді, жүйке және жүрек-қантамырлдары жұмысын жақсартады.
  • Қызыл көкөністер мен жемістер (қызылша, бүлдірген, шалғам, қызанақ, анар, бұрыш) иммунитетті нығайтып, асқорытуды жақсартады, күш-қуатты арттырады.

Сондай-ақ, мидың жұмысын жақсарту үшін рационыңызға міндетті түрде омега-3 қышқылдары көп балықтарды қосыңыз. Оның жетіспеуі мидың ерте қартаюына, ақыл-ой белсенділігінің төмендеуіне алып баруы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін тамаққа қатысты айтылған қазақтың ырым-тыйымдары жайлы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839011-mi-kyzmetin-kkenisti-kandaj-trleri-zaksartady/

pixel