Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Италияда ғалымдар коронавирусты оқшаулау тәсілін ойлап тапты

Опубликовано:

Италияда Lazzaro Spallanzani жұқпалы аурулар ұлттық институтында ғалымдар қытайлық коронавирусты оқшаулай алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Италияда ғалымдар коронавирусты оқшаулау тәсілін ойлап тапты
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Италияның денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанцаның айтуынша, бұл жаңалықтың емдеу әдістерін дамыту және вакцинаны әзірлеуді аяқтау үшін аурудың механизмін зерттеуге мүмкіндік беретінін айтты

"Вирусты оқшаулау - оны зерттеуге және түсінуге мүмкіндік береді. Біз инфакцияны таратуды сақтаудың тиімді тәсілдеріне тәжірибе жасай аламыз. Барлық ақпаратпен халықаралық ұйыммен бөлісеміз", - деп атап өтті министр.

Қытай билігі коронавируспен күреске 60 мың медицина қызметкерін жұмылдырды. Ол жерде медициналдық керек-жарақтың, қорғаныш маскалар мен костюмдердің өндірісі ұлғайтылмақ.

Макао университетінде жеделдетілген диагностика үшін патенттелген цифрлық жүйе пайда болды. Ауруды анықтау процессі жарты сағатта аяқталуы мүмкін.

Унань қаласында коронавирусты жұқтырғандарға арналған алғашқы арнайы аурухана ашылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан билігі Уханьнан өз азаматтарын эвакуациялағаны хабарланды. Елге 83 қазақстандық қайтарылған.

Бұған дейін, қытайлық ғалымдар жаңа вирустың таралуына тосқауыл бола алатын дәрі ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Оның құрамына үш түрлі зат кіретіні белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839081-italiada-galymdar-koronavirusty-zeu-tsilin-ojlap-tapty/

pixel