Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа тексеру үшін 89 адам ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Еліміздің бас санитарлық дәрігері коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті. Олардың 43-і денсаулығы жақсы деп танылып, үйлеріне қайтарылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Қытайдан Қазақстанға жеткізілген азаматтардың ахуалын анықтау мақсатында олардан хабар алынып, сауалнама жүргізілуде.

6 қаңтардан бастап Қытайдан елге келген азаматтардың барлығымен байланыс орнатылуда. Себебі, сол күні коронавирустың жаңа түрі расталып, шекаралардағы бақылау күшейтілген.

Бүгінгі таңда Қытайдан елге жеткізілген азаматтардың 90 пайызынан хабар алынды, 89 адам қызуы көтерілгенін айтып, вирустық белгілерге байланысты шағымданған. Тексеру және емдеу мақсатында олар ауруханаға жеткізілген.

Олардың ішінен 43 адам үйлеріне қайтарылды, қалған 46-сының сынама нәтижелері әзірге белгісіз.

Белгілі болғандай, ауруханаға жатқызылғандардың биоматериалдары Алматы ғылыми орталығына жіберілуде. Ол жерде дәрігерлер инфекциялардың түрлерін анықтайды.

Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшиннің айтуынша, коронавирустың жаңа түріне шалдыққандар саны 17 мыңнан асқан, 480 адам жазылып шықса, ал 362 науқас көз жұмған.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Қытай арасындағы әуе хабарламасы 4 ақпаннан бастап тоқтайтынын хабарлады. Енді шекарадан тек шенеуніктер мен жүктер ғана өте алады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839193-elimizde-koronaviruska-tekseru-sin-89-adam-auruhanaga-zetkizildi/

pixel