Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уханьнан оралған студент: Эвакуациялау жоспарын бір апта бойы дайындадық

Опубликовано:

2 ақпанда Қытайдың Уханьнан қаласынан жеткізіліп, бүгінде карантинде жатқан студенттердің бірі журналистермен әңгімелесуге келісім беріп, эвакуация жайлы айтып берді. Сонымен қатар ол барша отандастарына алғысын білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Уханьнан жеткізілген студенттер жатқан аурухана. Фото: gov.egov.kz/Бауыржан Жуасбаев
Уханьнан жеткізілген студенттер жатқан аурухана. Фото: gov.egov.kz/Бауыржан Жуасбаев: Depositphotos

Студенттің айтуынша, пациенттердің телефондары да өзге заттармен бірге өңдеу үшін алынған. Дегенмен, аурухананың стационарлық телефоны арқылы байланысуға мүмкіндік бар.

"2016 жылдан Ухан қаласында болдым. 22 қаңтарда қалада карантин жарияланған кезде 100-ден астам адам болған едік. Мен және тағы екі студент эвакуациялау бойынша операцияны үйлестіруге көмек бердік. Эвакуациялау жоспарын бір апта бойы дайындадық. Себебі нақты шешім болған жоқ. Соңғы уақытқа дейін Қытай өзге елдерге әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат бермеді", - дейді Уханьнан келген қазақстандық студент.

Ол ауруханада жатқан адамдардың туған-туыстарына алаңдамауды өтініп, барлығының жағдайы жақсы екендігін айтты. 

"Ұзақ уақыт Қытайда болған балалар өз нөмірлерін тіркеп үлгермеді және Қазақстанға келгеннен кейін олардың нөмірі өшіп тұр. Олардың ата-аналары эвакуациялау жоспарына сай Қазақстанға келгенімізді біледі. Бірақ, кім қай палатада екенін білмейміз", - дейді студент қыз.

Сөз соңында ол қолдау көрсеткен отандастарына ризашылығын білдірді.

"Құрметті Қазақстан халқы! Біз барлығымыз Отанымызға оралдық және дәрігерлердің тұрақты бақылауындамыз. Бізде бәрі жақсы. Шын ниетімін біз үшін алаңдаушылық танытқан барлығыңызға үлкен рахмет", - дейді студент ару.

Айта кетейік бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839209-uhannan-oralgan-student-evakuacialau-zosparyn-bir-apta-bojy-dajyndadyk/

pixel