RU

Коронавирустық инфекция белгілері пайда болған қазақстандықтар не істеуі қажет

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова коронавирустық инфекцияның алдын алып, егер қауіпті дерттің белгілері пайда болған жағдайда не істеу керектігін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Коронавирустық инфекция белгілері пайда болған қазақстандықтар не істеуі қажет

Көрнекі фото: NUR.KZ

Оның сөзінше, коронавирус тіркелген елдерден оралған азаматтарға емханалар мен сараптама орталықтарына барудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда 1406 және 1407 нөмірлеріне хабарласқан дұрыс. Аталмыш нөмірге жүгінгендер керекті кеңестерді алады.

Сонымен қатар шенеунік қазақстандықтарды "жедел жәрдем" нөмірлеріне хабарласуға шақырды. Молдағасымованың сөзінше, жедел жәрдем науқасты жұқпалы аурулар ауруханасына жібереді. Егер қажеттілік туындаса науқасты оқшаулап, қажетті анализдер алынады.

Мемлекеттік қызметшінің айтуынша, мүндай шаралар инфекциялық вирустың кез келген түріне қатысты қолданылады.

Сонымен бірге, аурудың алдын алу үшін ең басты пункт - иммунитетті дәрумендердің көмегімен көтеру керек. Маманның айтуынша, иммунитеті төмен және жасы 60-тан асқан адамдар тыныс алу жолдарының ауруларымен ауыруға бейім келеді. Оған қоса қолдың гигиенасын да ұмытпау керек.

Басылымның жазуынша, медициналық мекеменің қызметкерлері жұмыс алгоритмімен таныс. Сондай-ақ, басылымның ақпарынша, Алматының барлық емханаларында оқшаулау палаталары ашылған. Егер коронавирус жұқтырған адам анықтала қалған жағдайда науқас сол жерде оқшауланады.

Сайттың дерегінше, мұндай оқшаулағыштар бұған дейін де барлық емдеу мекемелерінде болған. Алайда Қытайдағы эпидемияның өршуіне байланысты Алматының барлық емханаларынан ашуға шешім қабылданған.

Молдағасымованың айтуынша, қалада вирусқа қарсы дәрілік заттар бар.

Еске сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін мәлім етті. Олардың 43-і денсаулығы жақсы деп танылып, үйлеріне қайтарылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирустық инфекция белгілері пайда болған қазақстандықтар не істеуі қажет
Mailfire view pixel