RU

Қарағанды облысында сотталушы аяусыз соққыға жығылып, көз жұмды

Қарағанды облысында таңғы ас кезінде саптыаяққа бола жанжал шығарған сотталушыны АК 159/5 колониясының екі тұтқыны аяусыз ұрып-соғып, өлтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында сотталушы аяусыз соққыға жығылып, көз жұмды
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Соққыға жығылғаннан кейін екі сағат өткен соң сотталушы колонияның ішінде көз жұмған.

Жанжал саптыаяққа бола туындаған. Сотталушы Мерекеновке басқа сотталушының өз ыдысын оның ыдысының жанына қойып қойғаны ұнамаған. Сол себепті олардың арасында дау туындаған.

Айқай-шуды естіген "белсенді" Николай Захаренко асханаға жүгіріп келіп, Мерекеновты сыртқа әкеткен. Ал басқа сотталушылар оның қарсыласын сабырға шақырды.

Алайда Захаренко ашулы Мерекеновты көрген кезде, оған бейәдеп сөздер жаудыра бастапты. Бұл өз кезегінде сотталушының ашуына тиіп, ол Захаренконы жұдырықпен бетінен ұрған. Осы кезде Захаренкоға көмекке Серік Оспанов келіп, Мерекеновты ұра бастаған.

Алдымен Оспанов басымен оның басына соққы жіберді. Ал ол құлаған кезде Захаренко мен Оспанов аяқтарымен және жұдырығымен соттаулышының мойны мен басынан ұра бастаған.

Бақылаушылар келіп, соққыға жығылған Мерекеновты түсініктеме жаздырту үшін жедел бөлімге әкеткен. Оның жедел жәрдем шақырту туралы өтінішіне ешкім құлақ аспапты. Салдарынан сотталушы екі сағаттан кейін көз жұмған.

Сараптама көрсеткіші Мерекеновтың ауа жетіспеушілігінен қайтыс болғанын анықтады. Көптеген соққының салдарынан мойны ісініп, тыныс алу жолдары жабылып қалған.

Оқиға орнына келіп жеткен Абай аудандық ішкі істер бөлімінің полиция қызметкерлері екі сотталушыны құрықтап, қылмыстық істі тергеу үшін Қарағанды тергеу изоляторына жеткізді.

Абай ауданының соты екі айыпталушыны ҚК 106 бабы "адам өліміне әкеп соққан денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша кінәлі деп таныды.

Николай Захаренконы сот колонияның бұрынғы өтелмеген мерзімін есепке ала отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру туралы түпкілікті үкім шығарды.

Екінші айыпталушы Серік Оспанов қарақшылық пен кісі өлтіргені үшін өтелмеген мерзімді ескере отырып колонияға 28 жылға қамалды.

Олар екеуі де жазасын төтенше қауіпсіздік колониясында өтейтін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында 11 сотталушының жаппай "ВИЧ" жұқтырғаны хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1839254-karagandy-oblysynda-sottalusy-aausyz-sokkyga-zygylyp-kz-zmdy.html