Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Исламхан "Қайрат" жанкүйерлеріне жантебірентерлік жазба арнады

Опубликовано:

Отандық танымал футболшы Бауыржан Исламхан өзі алты жыл бойы өнер көрсеткен "Қайрат" футбол клубымен қоштасты. Жақында ғана "Аль-Айн" командасының ойыншысы атанған аяқдопшы алматылық жанкүйерлері мен өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғысын білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/islamkhan_9. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/islamkhan_9. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Қазақстандық футбол жұлдызы Instagram желісінде жантебірентерлік жазба жариялап, жанкүйерлерімен ерекше қоштасқан.

"Менің туған клубым "Қайраттың" құрметті де асыл жанкүйерлері, өздеріңіз білетіндей мен ресми түрде БАӘ "Аль-Айн" командасының ойыншысы атандым. Сіздермен бірге "Қайратта" өткізген керемет алты жыл үшін алғысым шексіз. Бұл команданың формасын киіп, аңыз командамыздың капитаны болу мен үшін үлкен мәртебе болды. Мен қайда болсам да, жүрегімнің бір жартысы осы қалада мәңгіге қалады. Бұл қала мен үшін туған қаламдай болып кетті.
Бұл қалада менің балаларым дүниеге келді. Дәл осы шаһарда мен олардың алғашқы қадамдарына куә болдым. Мен әрбір жанкүйерге алғысымды білдіргім келеді. "Қайраттың" халықтық команда болуы сіздердің арқаларыңыз. Орталық стадионды бұрынғыдай толтырып, туған командамызды қолдауды тоқтатпаңыздар. Сіздер чемпиондықтың қалай тағатсыздана күтіп жүргендеріңізді жақсы білемін. Сіздермен бірге "Қайратты" жанымды салып қолдайтын боламын.
Биыл сол армандаған чемпиондықты бірге тойлаймыз деп үміттенемін. Әрбір ойыншының дамуы үшін барын салатын бапкерлер штабына үлкен рахмет айтқым келеді. Сіздерге тек қана жеңіс тілеймін. Менімен бірге бір алаңда ойнаған әрбір ойыншыға айтарым: әрқайссың да мен үшін алаң да, өмірде де сенімді дос бола білдіңдер. Сендерге сәттілік тілеймін. Бастысы жарақаттардан аулақ болыңдар" , - деп ағынан жарылды Исламхан.

Оған қоса, футболшы алматылық футбол клубының барлық қызметкерлері мен президенті Қайрат Боранбаевқа алғысын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Исламханның Араб Әмірліктеріндегі "Аль-Айн" командасының сапына ауысқанын хабарлаған болатынбыз.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Зенит" футбол клубының бас директоры Александр Медведев Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Қайрат" ойыншысы Бауыржан Исламханның ресейлік команда сапында Катарға аттанғанын мәлімдеген еді.

Футболшы онда екі жолдастық кездесуге қатысып, қол голдық пастың иегері атанған.

Ресейлік клубтың алғашқы оқу-жаттығуы аяқталған соң, Исламхан Алматы қаласына ұшып кетті.

Ал "Зенит" клубының бапкері Сергей Семак, қазақстандық футболшының "тағдыры" бойынша сұрақ алдағы күндері шешілетінін мәлімдеген.

Кеше, "Зенит" клубы Бауыржан Исламханға қатысты шешім шығарды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1839267-bauyrzan-islamhan-kajrat-zankjerlerine-zantebirenterlik-zazba-arnady/

pixel