RU
Ел алдына ашық образымен шыққан Джонни Депптің қызы қызу талқыға түсті (фото)

Ел алдына ашық образымен шыққан Джонни Депптің қызы қызу талқыға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Әйгілі актер Джонни Депп пен Ванесса Парадидің қызы BAFTA премиясында елді шулатты. 20 жастағы Лили-Роуз Депп қызыл кілемге аса ашық образ киіп шығып, көпшіліктің қызу талқысын тудырған. Бойжеткен іш киімді керек қылмай, жалаңаш денесіне ашық көйлекті іле салған деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото. Instagram/peachlilyrose. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото. Instagram/peachlilyrose. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Лили-Роуз Депп Лондон қаласына арнайы британдық киноакадемия мен телевизиялық өнер марапаттарын табыстау салтанатына ұшып келді. Көпшілік аса бағалы әрі сәнді көйлектерін паш ететін шарада әйгілі актердің қызы ел назарын бірден өзіне аудартты.

20 жастағы модель марапаттың қызыл кілеміне Chanel сән үйінің қара түсті әрі ашық образын таңдаған. Оның үстіне, бойжеткен көйлекті жалаңаш денесіне, іш киімсіз кие салған. Лили-Роуздың киімінен оның төсі анық көрініп тұр.

Жұлдызды жұптың қызы ашық образына еш жасқанбай, фотографтардың көзінше өзін аса сен.імді ұстаған. Ол барынша көп суретке түсіп, өзінің таптырмас образын паш еткен.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Кәмшат Жолдыбаеваның ашық образы қызу талқыланған болатын. Көпшілік шоу-бизнес жұлдызының қылығын ерсі санап, оны сынаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel