RU
Елімізде көлік жүргізушілерге жаңа айыппұл салынуы мүмкін

Елімізде көлік жүргізушілерге жаңа айыппұл салынуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда тас жолдардың жабылғанына қарамастан жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі жаңа норма енгізу мәселесін талқылап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.

"Мұндай мәселе талқыланып жатыр. Естеріңізде болса, Владимир Божко төтенше жағдай министрі болған кезде, ауа райының қолайсыздығына байланысты тас жол жабылғанына қарамастан жолға шыққан жүргізушілерді жауапқа тартуды ұсынған болатын. Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр", - деді ол.

Беккердің айтуынша, жаңа норманы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізу ұсынылуда.

Айта кетейіік, жолда қалған жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады.

Еске сала кетсек, жаңа жылдан жол ережесін бұзғандарға қатысты айыппұл мөлшері өсті.

Айыппұлдар сомасы айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне тікелей байланысты. Осы орайда Нұрфин жобасы жүргізушілерді, жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларын жаңартылған айыппұл сомаларымен таныстырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel