RU
Үстірт қорығында сирек кездесетін барыс тағы да фототұзаққа түсіп қалды (фото)

Үстірт қорығында сирек кездесетін барыс тағы да фототұзаққа түсіп қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысындағы Үстірт мемлекеттік табиғи қорығында барыс кезекті рет бой көрсетті. Жыртқыш аң 2019 жылғы желтоқсан мен 2020 жылғы қаңтарда фототұзаққа түсіп қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлар: facebook.com/s.dildakhmet

Кадрлар: facebook.com/s.dildakhmet

Бұл жаңалықпен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында бөлісті.

Аталған кезеңде қорық барысты зерттеу бойынша экспедиция ұйымдастырған. Сәкен Ділдахметтің айтуынша, экспедиция қорытындысы бойынша мамандар қорық аумағында мысық тұқымдастарының сирек кездесетін түрі – Азия барысының бар екенін растады.

Осыдан кейін орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аңды зерттеу бойынша жұмыстарды бастаған.

"Жақында мемлекеттік экологиялық сараптама "Азия барысын ҚР Қызыл кітабына енгізу" жобасы бойынша оң қорытынды берді. Оны Қызыл кітапқа енгізудің басты мақсаты – Қазақстанда алдағы уақытта аңның бұл түрін бақылау және қорғау бойынша шаралар қабылдау", – деп атап өтті Сәкен Ділдахмет.

Panthera pardus L.,1758 – ірі сүтқоректі жыртқыштардың бір түрі. Оның таралу аумағы Африканың басым бөлігі мен Оңтүстік Азияның едәуір бөлігін қамтиды.

Азия барысының әлемдік популяциясы – мыңнан аз. Ол ҚР Қызыл кітабына енгізілетін жануарлар түрінің барлық талаптарына сай келеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Австралиядағы орман өртінен 500 миллионға жуық жануар жойылғанын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel