Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сұңғат Есімханов Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды

Опубликовано:

Энергетика министрінің орынбасары Сұңғат Есімханов қызметінен босатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

министр
Сұңғат Есімханов. Фото: primeminister.kz: UGC

Үкіметтің тиісті қаулысы премьер-министрдің сайтында жарияланған. Онда Есімхановтың басқа қызметке ауысатыны айтылған.

  • Сұңғат Есімханов 46 жаста, ол Павлодар облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 24 жыл бұрын гидрометаллургиялық цехта инженер болып бастаған. 

Экс-вице-министр монополияларды реттеу агенттігіне қарапайым маман болып кіріп, департамент директоры қызметіне дейін өскен.

Екі жыл Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 

Үш жыл "Қазақэнергосараптау" АҚ президенті болған. Ол бірнеше жыл Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, кейіннен Энергетика министрлігінде басшылық қызметте жұмыс істеген.

Энергетика вице-министрі қызметіне екі жыл бұрын келген болатын.

Айта кетсек, Есімхановтың дәл қандай жұмысқа ауысқаны әзірге белгісіз.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалғаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1839384-sgat-esimhanov-energetika-vice-ministri-kyzmetinen-bosatyldy/

pixel