Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды Қытайдағы жаңа вирус жайында шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауға шақырды. Желіде коронавирус туралы екі жүзге жуық жалған мәлімет жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original
"Барлық азаматтар мен журналистерден елді дүрліктіретін жалған ақпарат таратпауды сұраймыз",- деді министрліктің ресми өкілі.

Ведомство жалған ақпараттың анық-қанығын біліп, азаматтарға шынайы ақпарат беріп жүрген блогерлерге алғыс айтуды ұмытпады. ДСМ өкілі ел алдында бірнеше есімді атады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 2043, ал көз жұмғандар саны 425-ке жетті.

2 ақпанда Қытай аумағынан 83 қазақстандық эвакуацияланды. Олардың елге ұшып келуі ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицина үйлестіру орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Қайтып келген отандастарымыздың 80-і Ухань қаласында білім алған студенттер болып табылады.

3 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Ал 83 отандасымен ілесіп, арнайы борттың көмегімен Қазақстанға оралуы керек болған студент, дене қызу көтеріліп, ұшаққа отыра алмай қалған. Енді қайтып келген студенттердің ата-аналары президенттен қазақстандық жігітті туған жеріне қайтаруды сұрап отыр.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839391-densaulyk-saktau-ministrligi-koronaviruska-katysty-mayzdy-mlimdeme-zasady/

pixel