Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды
Опубликовано:
5 ақпан күні еліміздің бірқатар облысында дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Қазгидромет.
Нұр-Сұлтанда көктайғақ болады болжануда. Оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ болаып, жел күшейеді.
Түркістан облысының кейбір аймағында түнде тұман түсіп, күндіз күші 15-20 м/с жел соғады.
Сондай-ақ Шымкентте де күндіз жел күшейіп, Түркістан қаласында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с.
Қостанай қаласында да жел тұрады деп болжанды.
Ақтөбе облысының кейбір аймағында тұман, көктайғақ, түнде бұрқасын болады деп болжанып отыр. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады.
Ақтөбе қаласында түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен екпіні 16 м/с жел соғады.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Оралда ауа райының қолайсыздығы салдарынан көшелерді су басқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1839398-kazakstanny-birnese-oblysynda-dabyldy-eskertu-zarialandy/