Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жайлы әзілдеген жолаушының кесірінен ұшақ әуежайға қайта оралды

Опубликовано:

Торонто-Ямайка бағытында ұшпақ болған канадалық WestJet әуекомпаниясының ұшағы жолаушының әзіліне бола әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Анықталғандай, ол өзінің 2019-nCoV коронавирусын жұқтырғаны туралы айтыпты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұшақ коронавирус жайлы әзілдеген жолаушының кесірінен әуежайға қайта оралды
Көрнекі фото: liveandletsfly.boardingarea.com: UGC

Бұл туралы СВС телеарнасына полиция хабарлады деп жазады Lenta.ru.

Ұшу барысында рейс жолаушыларының бірі жақында Қытайдан келгенін және сол жерде коронавирус жұқтырғанын айтып, әзілдепті. Ақпарат әуе кемесінің капитанына жеткен, ал ол өз кезегінде Торонтоға қайта оралуды шешіпті. Ұшақ бортында 243 жолаушы болған.

Ұшақ ұшу-қону жолағына тоқтаған кезде 29 жастағы ер адам құрықталды. Ол әуекомпаниясына зақым келтіргені үшін айыпталды.

Жолаушы 9 наурыз күні сот алдында жауап бермек. 4 ақпанда пайда болған ақпаратқа сәйкес, Канадада коронавирусты жұқтырудың төрт жағдайы орын алған.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда жаңа вирустан туындаған пневмонияға шалдыққандар саны 2043, ал көз жұмғандар саны 425-ке жетті.

3 ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов Уханьнан Қазақстанға жеткізіліп, карантинге жатқызылған студенттердің жағдайын баяндап берді.

Сондай-ақ еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа тексеру үшін 89 азаматтың ауруханаға жеткізілгенін, олардың 43-і үйлеріне қайтарылғанын мәлім еткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1839451-koronavirus-zajly-zildegen-zolausyny-kesirinen-sak-uezajga-kajta-oraldy/

pixel